Қазақстанның әскери-әуе күштері жаңа Y-9E ұшағымен толықты

Қазақстанның әскери-әуе күштері жаңа Y-9E ұшағымен толықты
gov.kz

Қазақстанның әскери-көлік авиациясы жаңа Y-9E ұшағымен толықты. Әуе кемесі Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақты сатып алу авиациялық паркті жоспарлы жаңарту аясында жүзеге асырылған. Жаңа техника әскери қызметшілерді, әскери жүктер мен материалдық құралдарды тасымалдау мүмкіндігін кеңейтеді.

Y-9E ұшағы техникалық сипаттамалары бойынша Қазақстан Қарулы күштерінің қолданысындағы C-295 және A400M ұшақтарының арасында орын алады. Министрліктің хабарлауынша, оның келуі әуе тасымалдарын бағыттың қашықтығы мен жүк салмағына қарай икемді жоспарлауға мүмкіндік береді.