Қазақстанның Түркіменстандағы Білім күндері

Dalanews 12 қаз. 2023 08:45 674

Түрікменстанның Білім министрлігінің шақыруымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің қолдауымен Халықаралық бағдарламалар орталығы 10-12 қазан аралығында өткен «Қуатты мемлекеттің Қайта өрлеу дәуіріндегі денсаулық сақтау, білім беру және спорт» халықаралық көрмесінде Қазақстанның білім күндерін өткізді.

Іс-шараға Назарбаев Университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты сияқты қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып жатыр.



Іс-шараны дипломатиялық миссиялардың басшылары, министрлер кабинетінің өкілдері және басқа да ұйымдардың басшылары ресми түрде ашып, тамашалады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының "Study in Kazakhstan" көрмесіне 300-ге жуық адам келді. Алдағы күндері де көрме жұмысы жалғаспақ.

ХБО баспасөз қызметі


Айғаным Мұстапаева, Баспасөз хатшысы +7 747 305 72 24


Мәдина Кәрімова, бас PR менеджер +7 771 869 45 30


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар