Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынды

Сағыныш Сардарова 28 ақп. 2026 13:00

Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленіс сақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазір Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ, қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды ұсынамыз", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қосымша әрі жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылды.

  • ҚР Сыртқы істер министрлігі: +7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат, жұмыс күндері – 19:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс күндері – тәулік бойы); +7 (7172) 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті).
  • Қазақстанның Ирандағы елшілігі (Тегеран қ.): +98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші қызметкері); +98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp); Мекенжайы: Тегеран қ., Даррус, Хедаят көш., 83 үй (83 Hedayat Street, Darrous, Tehran). Электрон пошта: tehran@mfa.kz, kaztehran211@gmail.com
  • Қазақстанның Горгандағы Бас консулдығы: +98 912 298 0350 (ұялы телефон); +98 173 252 0443 (жұмыс телефоны); +7 701 771 34 01 (Whatsapp); Мекенжайы: Горган қ., Едалат-97 көш., Мина аллеясы (Edalat 97, Gorgan). Электрон пошта: gorgan@mfa.kz
  • Қазақстанның Бандер-Аббастағы консулдығы: +98 930 298 5703 (ұялы телефон, Whatsapp); Мекенжайы: Бандер-Аббас қ., Фаджр көш., Вальфаджр-1, 7-үй (1st Valfajr 7, Fajr Street, Bandar-Abbas). Электрон пошта: kzvisabnd@gmail.com

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove