Қазақстанның батысына тағы да ұшқышсыз ұшатын аппарат құлаған

Сағыныш Сардарова 19 нау. 2025 09:50 972

Полиция БҚО-ға ұшқышсыз ұшу аппараты құлауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

18 наурызда Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының тұрғындары ұзындығы үш метрге жуық белгісіз аппарат құлағанын хабарлады. Оқиға орнына полиция, аудандық әкімдік және төтенше жағдай қызметкерлері жетті.

ПД мәліметінше, уәкілетті органдармен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас затты табу дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

"Нысан шалғай жерде, елді мекендерден алыс жерде құлады және ешқандай зақым келмеген, тұтас күйде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді БҚО ПД өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін де осындай жағдай болды. Әскери сарапшы, танымал журналист Амангелді Құрметұлы бұған дейін осы турасында өз болжамын айтты.

«Батыс Қазақстан облысы жеріне белгісіз аппарат құлапты. Ресейлік және отандық бірқатар медиа француздың SAGEM компаниясы жасаған Crecerelle барлау дроны болуы мүмкін екенін жазды. Бірақ Crecerelle екінші суретте тұр. Бірінші суреттегі басқа дрон. Француз емес, ресейлік «Орлан 10» ға ұқсайды негізі. Ашық дерек көздерінен Crecerelle-дің бірінші суреттегіге ұқсас модификациясын таппадым. Ал «Орлан 10» оған біршама ұқсайды. Демек өткенде Ресей жеріндегі Қазақстан мұнайына арналған «Кропоткинская» мұнай айдау стансасына жасалған дрон шабуылына да сәл күмәнмен қарау керек сияқты», — деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар