Қазақстаннан уақытша шыққан зейнеткерлердің жәрдемақысы тоқтатылмайды – министр

Көркем Алдабергенова 08 қыр. 2025 18:02

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова шетелге шыққан жағдайда зейнетақы төлемдерін тоқтату тәртібіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, ведомство зейнетақыны Қазақстанда тұрмайтын әрі қос азаматтығы бар кейбір азаматтардың алып жүргенін анықтаған. Сол себепті зейнетақы төлемдерін тек елде тұрақты тұратындарға ғана бағыттау үшін заңнамаға түзетулер дайындалып жатыр.

Жақыпова бұл норманың шетелге уақытша шығатындарға әсер етпейтінін баса айтты.

«Қазір тіркеу бойынша тек зейнеткерлерге емес, жалпы қатаңдату жүріп жатыр. Бірақ уақытша шығулар тіркелмейді. Өйткені оның (зейнеткердің – авт.) тұрақты тіркеуі бар, ал ол тек уақытша кетті. Сондықтан бұл норма оған қатысты қолданылмайды», – деді министр Үкімет кулуарында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар