Қазақстаннан 24 келі алтын ұрлап кеткен адам Әзербайжанда жүрген

Көркем Алдабергенова 16 ақп. 2024 09:24 3358

Әзербайжаннан трансұлттық ұйымдасқан топтың мүшесі экстрадицияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеп.

Трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Түркия азаматы экстрадицияланды.

Ол 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деген күдікке ілініп отыр. 

Салдарынан мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар