Қазақстанға 1,1 трлн теңгеден астам актив қайтарылды

Қазақстанға 1,1 трлн теңгеден астам актив қайтарылды
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанға заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары аясында мемлекет меншігіне 1,1 трлн теңгеден астам қаржы мен мүлік қайтарылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қайтарылған активтердің басым бөлігі ақшалай қаражат түрінде түскен. Қаражат еліміздің өңірлеріндегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталып жатыр.

Бүгінде қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылатын 500-ден астам жобаны қаржыландыру мақұлданған. Олардың жалпы құны 617,7 млрд теңгені құрайды.

Үкіметтің мәліметінше, бұл жобалар өңірлердегі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік нысандар салуға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмыстары арнайы тетіктер арқылы жүргізіліп келеді. Қайтарылған қаражат әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға және өңірлерді дамытуға жұмсалуда.