Қазақстандықтарға әкелік мәртебесінен бас тартуға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстандықтарға әкелік мәртебесінен бас тартуға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанның Конституциялық соты әкелікті даулау құқығына қатысты заң нормасын тексереді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазіргі заң бойынша ер адам баланың биологиялық әкесі емес екенін біле тұра, өзін әкесі ретінде тіркетсе, кейін бұл шешімінен бас тартып, әкелігін сот арқылы жоққа шығара алмайды. Сот оның мұндай талабын қанағаттандырмайды.

Конституциялық сотқа жүгінген азамат бұл шектеу отбасы, мүлік және мұрагерлік құқықтарына әсер етеді деп есептейді. Сонымен бірге әке ретінде тіркелген адамға баланы асырау және тәрбиелеу міндеттері жүктеледі.

Енді Конституциялық сот қолданыстағы талаптың Ата заңға сәйкестігін тексереді. Әзірге әкеліктен бас тартуға рұқсат берілген жоқ, түпкілікті шешім кейін қабылданады.