Freedom Inside '26

Қазақстандық әйел қорқынышты фильмді прокаттан алып тастауды талап етті

Қазақстандық әйел қорқынышты фильмді прокаттан алып тастауды талап етті
ЖИ: Dalanews.kz

Әлеуметтік желілерде кинотеатрға келген қазақстандық әйелдің жаңа шыққан «Өте қорқынышты кино» комедиясына қатысты сыны айтылған видеосы кеңінен тарап жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Видео авторының пікірінше, фильмде жастарға теріс әсер етуі мүмкін әдепсіз және моральдық нормаларға қайшы көріністер бар. Ол мұндай контенттің жасөспірімдердің тәрбиесіне кері ықпал етуі мүмкін екенін айтып, ата-аналарды балалардың жас ерекшелігіне қойылатын шектеулерге мұқият қарауға шақырды.

Сондай-ақ әйел аталған фильмнің Қазақстан аумағында прокатқа шығуына рұқсат берілгеніне наразылық білдіріп, оны көрсетуді тоқтату қажеттігін айтты.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі видео авторын қолдап, мұндай мазмұндағы фильмдер кең аудиторияға қолжетімді болмауы тиіс деп есептейді.

Ал екінші тарап фильмнің тек ересек көрермендерге арналғанын және оған тиісті жас шектеуі қойылғанын алға тартып, таңдау құқығы көрерменнің өзінде болуы керек екенін жазған.