Қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі қандай — зерттеу нәтижесі белгілі болды

Қаракөз Амантай 09 мау. 2025 10:45

Қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі белгілі болды. Finprom сарапшылары 2024 жылдың қазан-қараша айларында жүргізілген сауалнама нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сауалнама қорытындысы бойынша:

Өрт сөндіру қызметіне азаматтардың 80,4%-ы сенім білдіреді,

Прокуратураға – 66,1%,

Полицияға – 64,3%,

Сот жүйесіне – 62%,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке – 52,2%,

Экономикалық тергеп-тексеру қызметіне сенім білдіретіндер небәрі 48,3% болды.

Сауалнамаға қатысқандардың бір бөлігі бұл мекемелерге ішінара сенетінін айтқан.

Мәселен:

Өрт сөндіру қызметіне – 16,8%,

Прокуратураға – 25%,

Полицияға – 26,9%,

Сот жүйесіне – 27,1%,

Антикорға – 29,8%,

Экономикалық тергеу қызметіне – 29,9% ішінара сенім білдіреді.

Ал мүлдем сенбейтіндер үлесі аз болғанымен, алаңдаушылық тудырады:

Өрт сөндірушілерге – 0,6%,

Прокурорларға – 2,5%,

Полицияға – 3,4%,

Соттарға – 2,7%,

Антикорға – 3,6%,

Экономикалық тергеу қызметіне – 3,1%.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы қылмыстар

2025 жылдың алғашқы бес айында тіркелген қызметтік қылмыстардың 58,7%-ы, яғни 122 жағдай, ІІМ қызметкерлеріне тиесілі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 жағдайға аз (−4,7%).

Бұдан бөлек:

КНБ қызметкерлері – 16 жағдай,

Қылмыстық-атқару жүйесі және әскерилер – әрқайсысы 11 жағдайдан,

Әкімдер мен сот орындаушылары – әрқайсысы 4 жағдайдан,

Прокуратура және экономикалық тергеу қызметі – 3 жағдайдан,

Төтенше жағдайлар және сот органдарының өкілдері – бір-бір жағдайдан.

Ең жиі кездесетін қылмыстар

Мемлекеттік қызметшілер жиі тап болатын баптар қатарында:

Пара алу – барлық жағдайлардың 25%-ын құрайды (52 жағдай). Бұл былтырғыдан 14,8% көп.

Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету – 40 жағдай.

Алаяқтық – 38 жағдай.

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану – 23 жағдай.

Пара беру – 7 жағдай.

Өңірлік көрсеткіштер

Мемлекеттік қызметшілер жасаған қылмыстар ең көп тіркелген өңір – Шымкент (21 жағдай). Дегенмен бұл алдыңғы жылғы 26 жағдаймен салыстырғанда 19,2%-ға азайған.

Келесі орындарда:

Түркістан облысы – 17 жағдай,

Ақмола облысы – 15 жағдай.

Ал ең аз құқықбұзушылық тіркелген аймақтар:

Батыс Қазақстан облысы,

Солтүстік Қазақстан облысы,

Маңғыстау облысы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар