Тренинг 2019 жылдың бүгін және ертең Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. РФММ мұғалімдері құнды білім ала отырып, Грузиялық әріптестерінің ғылыми пәндерді оқытудың үздік үлгілерімен танысуға мүмкіндік алады.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – РФММ мұғалімдерін оқыту және олар алған білімдерімен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы өз әріптестерімен бөлісу және үйрету.
Жоба жетекшісі Ерлан Утеулин:
«Біз Қазақстандағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы ең үздік олимпиадалық мектеп болғандықтан, STEM пәндерін оқытуда жобалау жұмыстарын енгізудің аса қажеттілігін көріп отырмыз. Бұл мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытуды жаңа биік деңгейге көтеру үшін қажет»
- дейді.
Жоба ұйымдастырушылары Грузиядан Science on Stage ұйымының мүшелері, мұғалімдерге арналған оқу құралдарының авторлары, бағдарламалау мен физика бойынша мол тәжірибесі бар екі оқытушыны арнайы шақырып отыр.
Олардың көмегімен РФММ-нің 20-ға жуық тренер-мұғалімін дайындап, одан әрі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының мұғалімдерін көбірек оқыту жоспарланып отыр.
Республикалық физика-математика мектебі STEM білім берудің белсенді дамытушысы, сондай ақ жалпы білім беру STEM мектептерінің Ұлттық консорциумы (NCSSS) құрамына енген мамандандырылған мектеп.
Физмат негізі 1972 жылдың қазан айында Алматы қаласында қаланған. Мектептің екінші кампусы өз есігін елордамыз Астана қаласында 2016 жылдың шілде айында ашты. Іргетасы қаланған сәттен бастап дарынды балаларға білім берудің Қазақстандық үздік мектеп саналады.