Қытай билігі қауіпті індеттің ошағы саналатын Ухань қаласында карантин жариялаған болатын. Қаладан шығу да, қалаға кіру де әзір мүмкін емес.
Еліміздің Бас санитары Жандарбек Бекшин қазақстандық студенттердің елге аман-сау оралуы маңызды дейді.
"Олар жергілікті халықпен тілдескені анық, егер қауіпті індетті жұқтырғаны анықталса олар ол жақта (Ухань қаласында ред.) ем-дом алуы қажет. Әзір оларға Сыртқы істер министрлігі арқылы көмек қолын созуға, қауіпті вирустен сақтануға қатысты анық-қанық ақпарат беруге тиіспіз.
Алайда дәл қазір оларды инфекцияның ошағынан алып шығу мүмкін емес", – дейді Бекшин.
Бұдан бұрын Бекшин Алматыға Қытайдың 5 қаласынан, ал Нұр-Сұлтанға ҚХР-дың 3 қаласынан рейстер келіп қонғанын айтқан. Олардың барлығы бақылауда.
Әзірге 13 жолаушы тексеруден өткен. Қазақстанда қауіптің індеттің іздері жоқ.