Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон зауытына жұмысқа шақыру туралы хабарлама тарады

Қаракөз Амантай 09 сәу. 2026 16:05

Қазақстандық қыздарды Ресейдің Татарстан өңіріндегі "Алабұға" аймағына жұмысқа шақыру туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Qumash.kz мәліметінше, Ozon қосымшасында 16–22 жас аралығындағы қыздарға арналған жұмыс туралы хабарландыру жарияланған. Онда жалақы 100 мыңнан 126 мың рубльге дейін (шамамен 800 мың теңге) ұсынылған. Қарапайым қызметтен бастап басшылық орындарға дейін түрлі вакансия көрсетілген.

"Бағдарлама "Алабуга Старт" деп аталады. Ашық деректерге сүйенсек, осы аймақта соққы жасайтын "Герань" дрондары өндірілетін зауыт орналасқан. Бұл дрондар Украинадағы соғыста қолданылып жүр", - дейді дереккөз.

Мәліметке сүйенсек, хабарландыруда "AMANAT" партиясы мен "Қазақмыс" компаниясының аты аталған. Алайда партия бұл ақпаратты жоққа шығарып, жобаға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Ал "Қазақмыс" тарапынан әзірге ресми жауап берілмеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove