Семейде әзілкеш, стендапер Әлібек Жұмабаев сахнада қолданған әдепсіз сөздері үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол шоуынан үзінді видеоны әлеуметтік желілерде жариялаған. Бұл полицияның назарын аударған.
Сот әртісті кінәлі деп таныды. 1 желтоқсанда Жұмабаев арнайы қабылдау орнына жеткізілді. Алайда комиктің айтуынша, қабылдау орнында бос орын болмағандықтан, оны үйіне жіберген.
Полиция қоғамдық іс-шаралар өткізу кезінде көрерменге деген құрметті және моральдық нормаларды сақтау міндетті екенін ескертті.
