Қазақстандық Азат Мақсұм кәсіби мансабында алғаш рет жеңілді

Қаракөз Амантай 04 ақп. 2024 12:40 2879


Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 235 турнирінде алғаш рет жеңіліс тапты. Оның бұл жолғы қарсыласы америкалық Чарльз Джонсонн болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Жекпе-жек үш раундқа созылды. Нәтижесінде Чарльз Джонсонн төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.



Азат Мақсұм бұған дейін 17 рет жеңіске жеткен еді. Оның біреуі UFC аясында болған. Ал Чарльз Джонсон кәсіби мансап жолында 14 мәрте жеңіске, алты мәрте жеңіліске ұшыраған.



Еске салайық, Азат Мақсұм UFC-де алғашқы жекпе-жегін өткізіп,  америкалық Тайсон Намды (21-14-1) жеңген болатын.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар