Freedom Inside '26

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды
naryk.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 745,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 564,7 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 181,2 млрд теңге бағытталған.

"2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны 2 млн 481 мың адамды құрайды. 1 маусымдағы дерекке сәйкес, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 143 502 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 814 теңге, базалық зейнетақы – 47 688 теңге", – деп хабарлады министрлік.