Қазақстандағы зейнетақы мөлшері аталды

Сағыныш Сардарова 23 қаң. 2026 10:00

2025 жылы республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 856,6 млрд теңге қарастырылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 491 мың адам.

"Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 2025 жылдың қорытындысы бойынша 143 143 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 95 549 теңге, базалық зейнетақы 47 594 теңге болды", - деп жазылған министрлік хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove