Қазақстандағы ең көп сатылатын қытайлық автомобиль бренді аталды

Қаракөз Амантай 17 нау. 2025 16:21 237

"Қазақстанның Автокөлік Одағы" ақпан айындағы автомобиль сатылымы туралы соңғы деректерді жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Хабарламаға сәйкес, еліміздегі ең көп сатылатын қытайлық брендтердің арасында бірінші орынға Jetour бренді шықты.

Осылайша, ақпан айындағы жалпы сатылым рейтингінде Қазақстандық Allur автомобиль компаниясына қарасты үш бренд көш бастады. Сонымен қатар, қытайлық автомобиль брендтері арасында ұзақ уақыттан бері алғаш рет нарықтағы көшбасшы өзгерді.

Jetour брендінің Қазақстандағы нарықтағы сатылым үлесі ақпанда 7,27%-ды құрады. Бір айда Jetour Qazaqstan компаниясынан 1160 автомобиль сатылды, бұл ең жақын бәсекелесінен 122 дана артық. Айта кету керек, ақпан айының басында Қазақстан нарығына шыққан X50 моделі 200 дана сатылды. Өткен жылы соңында таныстырылған және қазақстандықтарға ұнаған X70 жаңа ұрпағының сатылымы 384 данаға жетті, ал толық жетекті Т2 кроссоверінің сатылымы 184 дана болды.

Қызмет көрсету сапасы бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткендей, клиенттердің 94%-ы сатып алған көлігіне қанағаттанған, ал 83%-ы Jetour брендінің дилерлік орталықтарын ұсынуға дайын.

Бұл деректер Jetour өнімдеріне деген қызығушылықтың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетіп, брендтің Қазақстан нарығындағы позицияларын нығайтуда. Клиенттерге инновациялық технологиялар, стильді дизайн және қолжетімді бағалар ұнауда. Бұл бәрі модельдер қатарын кеңейтуге және сатылым көлемін одан әрі арттыруға негіз бола алады.

Jetour автомобильдеріне сұраныс тиімді қаржылық жағдайлармен қолдау табуда. Allur Finance-пен бірлесіп, 7 жылға 4%-бен автокредит беру бағдарламасы жалғасуда.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар