Freedom Inside '26

Қазақстанда халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй салынады

Қазақстанда халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй салынады
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанның 11 өңірінде халықаралық стандарттарға сай келетін 24 қонақ үй салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл жобалар жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Мемлекет өз кезегінде жеңілдетілген несие мен инвестициялық преференциялар арқылы қолдау көрсетпек.

Жаңа қонақ үйлердің қатарында Қонаев қаласындағы Hilton және Marriott, Павлодардағы Novotel, Қостанайдағы Courtyard by Marriott, Қызылордадағы Rixos, сондай-ақ Алматыдағы Hilton Garden Inn, Hilton Park Almaty және Radisson Blu бар. Бұдан бөлек, Шымкентте де Hilton брендімен жаңа қонақ үй ашу жоспарланған.

Мамандар халықаралық желілердің келуі қонақүй қызметінің сапасын жақсартып, нарықтағы бәсекені арттырады деп есептейді. Сонымен қатар, мұндай жобалар Қазақстанның туристік әлеуетін күшейтіп, шетелдік саяхатшылар үшін тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.