Қазақстанда ветеринариялық препараттардың сапасын бақылайтын фармацевтикалық инспекция құрылады

Қазақстанда ветеринариялық препараттардың сапасын бақылайтын фармацевтикалық инспекция құрылады
pixabay.com

Қазақстанда ветеринариялық препараттардың айналымын бақылау үшін фармацевтикалық инспекция құру ұсынылды. Бұл норма ветеринария саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мәжіліс депутаты Серік Егінбаевтың айтуынша, жаңа бақылау тетігі ветеринариялық препараттардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар препараттарды өндіруге қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету және өндірушілердің жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр.

Заң жобасы ветеринариялық препараттардың айналымы рәсімдерін Еуразиялық экономикалық одақ құжаттарына сәйкестендіруді де қарастырады.