Қазақстанда ұсталған профессор: Өзбекстанға дипломатиялық арналар арқылы хабар берілді

Қазақстанда ұсталған профессор: Өзбекстанға дипломатиялық арналар арқылы хабар берілді
Фото: Иқболжон Қарабоевтың LinkedIn парақшасынан

Қазақстан тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған профессор Иқболжон Қарабоевтың ісі туралы Өзбекстанға ресми түрде хабарлаған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ақпарат өзбек тарапына дипломатиялық арналар арқылы жеткізілген, деп хабарлайды dalanews.kz.

ҚазТаг мәліметінше, ҰҚК тергеуге қатысты өзге деректерді жарияламаған. Комитет мұны заң бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдарын ашық таратуға болмайтынымен түсіндірді.

Бұған дейін BBC Иқболжон Қарабоевтың Қазақстанда тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді. Ол Астанадағы Мақсұт Нәрікбаев университетінде халықаралық қатынастар пәнінен сабақ берген. Қазір оның ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр.