Қазақстанда үш күнде 4 есірткі зертханасы анықталды

Көркем Алдабергенова 28 қаз. 2024 09:28 444

Қазақстанда үш күнде 4 есірткі зертханасы анықталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы.

Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі.

Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг “синтетика” және 11 кг марихуана тәркіленді.

Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар