Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттады

Қаракөз Амантай 09 шіл. 2025 10:55

2025 жылы 1 шілдеден бастап елімізде темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 920 теңгеге дейін өсті, яғни 12%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін бұл баға 820 теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиевтің жаңа бұйрығында айтылған.

Жаңа баға 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады. Ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең төменгі құны тағы да өсіп, 970 теңге болмақ.

Аталған өзгерістер фильтрі бар және фильтрі жоқ темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне қатысты енгізілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар