Қазақстанда тарихи мұраны қорғау үшін Ұлттық археологиялық қызмет құрылмақ

Көркем Алдабергенова 29 қаз. 2025 12:29

Қазақстанда Ұлттық археологиялық қызмет құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Бұл бастама тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заң жобасына енгізілген түзетулерде қарастырылған. Құжат Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды.
 
Жобаның бастамашысы - депутат Асхат Аймағамбетов. Заң жобасы археологиялық нысандарды қорғау, зерттеу және пайдалану тиімділігін арттыруды көздейді.
 
Құжатта бірқатар жаңа шаралар қарастырылған:
  • табылған барлық ескерткіштер туралы деректерді қамтитын бірыңғай ақпараттық жүйе құру;
  • археологиялық және қалпына келтіру жұмыстарына жеке лицензиялар енгізу;
  • археологиялық олжалардың ұлттық депозитарийін қалыптастыру.
Жаңа қызмет Әлкей Марғұлан атындағы археология институты жанынан құрылып, ел бойынша археологиялық зерттеулерді үйлестіреді. Сонымен қатар, заң жобасында лицензиясыз металл іздегіштерді пайдалануға тыйым салу ұсынылған. Бұл заңсыз қазба жұмыстарын және тарихи артефактілердің шетелге шығарылуын болдырмау мақсатында енгізілмек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар