Жария болған мәліметке сәйкес іздестіру ісі кеше Астанада тіркелген. Іздестіру бастамашысы – Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА), деп хабарлайды Dalanews.kz
Андрей Бурим (Mellstroy) – беларусьтік трэш-стример, блогер және инфлюенсер. Instagram желісіндегі қолданушылар - 3 млн.нан асады. 
Ол 2017 жылдан бастап Twitch пен YouTube платформаларында ойын стримдері арқылы танылған, алайда көп ұзамай алкоголь, кештер және көрермендермен түрлі форматтағы әрекеттесуге құрылған «лайв-шоуларға» (donate-челлендждер, розыгрыштар) ауысқан.
