Қазақстанда сұйытылған газ бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Қаракөз Амантай 19 шіл. 2025 11:11

1 тамыздан бастап сұйытылған мұнай газының (СМГ) көтерме және бөлшек бағасы өсуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Энергетика министрлігі ұсынған жаңа жобада көтерме баға тоннасына 59 722 теңгеге дейін, яғни 8 мың теңгеге қымбаттауы мүмкін екені көрсетілген. Ал автогаз құны литріне 7-10 теңгеге артуы ықтимал.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі баға сұйытылған газ өндірушілерге экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Мысалы, газдың өзіндік құны – тоннасына 70-80 мың теңге шамасында болса, зауыттарға белгіленген көтерме баға қазір 51 932 теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, елдегі СМГ-ға деген сұраныс артып келеді. Сарапшылардың болжамынша, егер жағдай өзгермесе, 2025 жылға қарай сұйытылған газдың тапшылығы 30-40%-ке дейін жетуі мүмкін.

Бағаны көтеруге қатысты жоба “Ашық НҚА” порталында 23 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар