Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы екі есеге жуық артты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Елімізде су саласында еңбек ететін мамандардың жалақысы соңғы екі жылда айтарлықтай өсті. 2024 жылы сала қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға көбейсе, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 35-50%-ға көтерілді. Ал 2026 жылғы 1 сәуірден бастап жалақыға қосымша 15% үстеме қосылды.
Нәтижесінде, қазіргі таңда «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 326 мың теңгеге жетті. Сонымен қатар, ең төменгі жалақы көлемі 85 мың теңгеден 212 мың теңгеге дейін ұлғайды. Осылайша, су шаруашылығы саласы мамандарының табысы екі есеге жуық артқан.