Қазақстанда штаты аз, бірақ ірі жобаларды орындайтын компаниялар тексеріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Елде мемлекеттік ірі жобаларды аз ғана қызметкермен атқарып жүрген мердігер компанияларға аудит жүргізіледі. Себебі - мемлекеттік сатып алудағы еңбекақы қоры бойынша минималды талаптардың сақталуын бақылау.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, мұндай фирмалар жұмыстың көбін "көлеңкеде" атқарады, яғни тіркелмеген жұмысшылар мен шетелдік еңбек күшін пайдаланады.
Сол үшін Үкімет еңбекақы төлеу қоры бойынша нақты талаптарды заңмен бекітуді және құрылыс нысандарындағы нақты жұмыспен қамтуды қатаң қадағалауды ұсынды.
