Қазақстанда шенділердің «Porsche Cayenne» мінетініне қуанамын

Dalanews 01 ақп. 2018 04:50 816

Айсәуле Бақытбек өзі орысша сөйлегенімен, бұл жайлы америкалықтарға айтуға ұялатынын айтты. Баян Мақсатқызының қызы қазақ боп туғанын мақтаныш ететінін мәлімдеді. Сондай-ақ, шетелде жүрген Айсәуле туған жерге оралуға асығып отырғанын жасырмады, – деп хабарлайды Stan.kz.

Айсәуле шетелде жүргенде Қазақстан туралы мақтанышпен сөз ететінін атап өтті.

– Қазақ болғанды жақсы көремін. Әсіресе, шетелде қазақ болу бәрінен күшті нәрсе. Бірақ көбінесе орысша сөйлеміз деп айтуға ұяламын. Қазақстанда елдің бәрі тек мемлекеттік тілде сөйлейді деп өтірік айтуды әдетке айналдырып алдым, – дейді ол.

Бойжеткеннің айтуынша, Америкада Қазақстанның қандай ел екенін білетіндер де, білмейтіндер де бар. Баян Мақсатқызының қызы Қазақстандық білмейтін шетелдіктерге Отаным туралы айтқанды ұнататынын алға тартты.

– Жалпы, біз дара ұлтпыз деп ойлаймын. Азиатпыз, бірақ қытай мен жапондарға ұқсамаймыз, Тек көзіміздің қысыңқы келетінін есептемесек… Бірақ олармен ешқандай туыстық байланысымыз жоқ екенін түсіндірудің өзі бір ғанибет. Тіліміз түркіге жатады, соған қарамастан орыс тілін білеміз, ағылшын тілінде де еркін сөйлейміз. Кей адамдар Қазақстанның қайда екенін және қандай ел екенін біледі. Ал енді кейбіреулер бізді Пәкістанмен, Ауғанстанмен шатастырады. Ондайларға біздің елімізде тыныштық және мұнайдың көп екенін, тіпті кей шенеуніктердің «Porsche Cayenne» көлігімен жүретінін қуана түсіндіремін. Сондай-ақ, Америкаға азаматтық алу үшін емес, білім іздеп, оны Отанымыздың игілігіне жұмсау мақсатында келгенімізді жаным кіріп түсіндіремін. Мұндағы достарымды Қазақстанға қонаққа шақырамын. Басқа ешбір елде біздегідей қонақжайлылық танытпайтынын айтамын, – дейді Айсәуле.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар