Қазақстанда сарбаздарға несие беру тоқтатылады

Көркем Алдабергенова 19 қаң. 2026 15:34

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген азаматтарға несие беру тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұндай өзгерісті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) ұсынды. Осы мақсатта «Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, олардың қызметтен босатылуы, банктік қарыздар мен микрокредиттердің бар-жоғы, сондай-ақ банк қарызы мен микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы ақпарат алмасу қағидалары туралы» қаулы жобасы әзірленді.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Жобаға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары несиеге өтінім беру кезінде азаматтың әскери қызмет мәртебесін тексеруге міндеттеледі.

Егер кредиттік есепте азаматтың мерзімді әскери қызметте жүргені көрсетілсе, оған несие беруден бас тартылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove