Қазақстанда азаматтық қорғау саласындағы кейбір қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері беріледі. Бұл туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жазда президент құтқарушылардың мәртебесін арттыруға бағытталған заңнамаға түзетулерге қол қойған еді. Онда тұрғын үй төлемдері мен көтерме жәрдемақылар беру қарастырылған.
"Бұл шешім күн сайын елдің қауіпсіздігін қорғап, азаматтық қорғаудың маңызды міндеттерін атқарып жүрген ТЖМ қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейту жолындағы тарихи қадам болды. Осы уақыттан бастап ТЖМ қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін алуда әскери қызметшілермен тең құқыққа ие. Бүгінде министрлік қызметкерлердің тұрғын үйге мұқтаж екенін анықтап, тиісті төлемдерді тағайындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде", – деп атап өтті ведомство.
Алайда министрлік төлем көлемін нақтылаған жоқ. Айта кетейік, әскери қызметшілер үшін тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ипотекалық қарызға немесе қызмет өткеретін өңірдегі 1 шаршы метр баспана құнына байланысты есептеледі.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік қолдауға ие болатын азаматтар санатын бекіткен бұйрыққа қол қойған еді.
- арнайы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
- зейнетақы төлемдерін алып отырған мүмкіндігі шектеулі жандар;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдер;
- атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар;
- әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдар;
- айналасындағылар үшін қауіпті ауруға шалдыққандар;
- ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз (екі айдан астам) азаматтар;
- созылмалы сырқаттың ауыр түрімен ауыратындар.