Қазақстанда "Құрметті донор" жаңа төсбелгісі пайда болды

Қазақстанда "Құрметті донор" жаңа төсбелгісі пайда болды
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда қан тапсыру ісіне елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттауға арналған "Құрметті донор" жаңа төсбелгісі енгізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Төсбелгінің негізгі белгісі ретінде қан тамшысының бейнесі таңдалған. Тамшының ішінде жүрек соғысының графикалық ырғағы бейнеленсе, бүкіл композиция күңгірт өңделген дөңгелек жиекпен көмкерілген.

"Құрметті донор" төсбелгісінің алғашқы иегерлері 481 адам болады. Марапат Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай талаптардың бірін орындаған жағдайда беріледі:

  • қанды және (немесе) тромбоцитті кемінде 40 рет тапсырғандарға;
  • қан плазмасын кемінде 70 рет тапсырғандарға.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл сайын елімізде 180 мыңнан астам адам донор атанып, жалпы саны 255 мыңнан астам рет қан тапсырады. Соның арқасында жыл сайын 80 мыңнан астам науқасқа сапалы қан құю қызметі көрсетіледі.