Мемлекет басшысының айтуынша мұның бәрі арандату және бұлай ойлауға еш негіз жоқ.
"Бұл кейбір сарапшысымақтардың сандырағы деп біліңіз. Мұның астарында Қазақстанда саяси тұрақсыздық туғызу, одақтас елдермен араға от салу пиғылы жатыр", – деді Тоқаев.
Бұдан бөлек ел Ресейді алаңдатып отырған латын әліпбиі туралы пікір білдірді.
"Латынға асықпай, баппен көшеміз. Бұған еліміздің Тұңғыш президенті бастамашы болды. Назарбаев "латынға ауысу елдегі орыс тілінің ахуалына әсер етпейтінін" әлденеше рет айтқан.
Әліпби ауыстыру қазақ тілінің көсегесін көгертудегі маңызды қадам. Әлбетте асығып-аптығудың қажеті жоқ. Қазақстан латынға кезең-кезеңімен өтетін болады", – деді Президент.