Қазақстанда психологтардың бірыңғай тізілімі жасалады

Қазақстанда психологтардың бірыңғай тізілімі жасалады
Фоо: rsv.ru

Мәжіліс "Психологиялық қызмет туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжаттағы негізгі жаңашылдықтардың бірі – психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін құру, деп хабарлайды dalanews.kz.

Енді психолог мамандары осы тізілімге енгізілген жағдайда ғана кәсіби қызметпен айналыса алады.

Сонымен қатар заң психологиялық көмекті медициналық қызметтен нақты ажыратады. Осыған байланысты психологтарға клиенттерге дәрі-дәрмек тағайындауға немесе медикаментоздық ем жүргізуге тыйым салынады.

Бұдан бөлек, психологиялық көмек көрсету кезінде адамның санасына әсер ететін психоактивті заттар мен психоактивті әдістерді қолдануға да рұқсат берілмейді.

Заң психологтардың қызметін реттеуді күшейтіп, көрсетілетін психологиялық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.