Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін аймақтар саны көбейді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жалпы 2024 жылдың шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жуық болады деп күтілуде, алайда атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаюда.
Мына өңірлерде құрғақшыық болуы мүмкін:
- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
- Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында;
- Қарағанды облысының Шет ауданында;
- Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында;
- Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
- Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т. Рысқұлов аудандарында;
- Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында;
- Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;
- Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
- және Атырау облысының басым бөлігінде.
Шілде айында бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногроск қаласында күтіледі.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдайға жуық болады деп күтіліп отыр.