Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылатынын мәлімдеді.
"Қолданыстағы Парламенттің қызметін қамтамасыз ететін аппараттық құрылымдардың бір бөлігі, сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылуға тиіс", – деді Президент.
Осы тұста Президент мемлекеттік кеңесші қызметін атқарып жүрген Ерлан Қаринге назар салып, "I'm really sorry" деді.
Айта кетейік, Президент мемлекеттік кеңесшінің мәртебесі мен өкілеттігі туралы жарлыққа 2022 жылы маусымда қол қойған болатын.
Кейін бұл лауазымға Ерлан Қарин тағайындалды.
