Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғау және сақтандыру жүйесі күшейтіледі

Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғау және сақтандыру жүйесі күшейтіледі
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің өмірі, денсаулығы және кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тиісті түзетулер «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа өзгерістер аясында бірыңғай сақтандыру шартын енгізу көзделген. Сондай-ақ сақтандыру қорғанысы интерндер мен резиденттерге де таратылады.

Бұдан бөлек, медицина қызметкерлеріне қызметтік міндетін атқару кезінде жасалған шабуылдар жағдайында сақтандыру төлемдерін алу құқығы нақты кепілдендірілмек. Ведомство өтемақы төлеу рәсімін де жеңілдетуді жоспарлап отыр.

Құжатты қоғамдық талқылау 16 қыркүйекке дейін жалғасады.