Қазақстанда көмірді қайта өңдейтін үш зауыт салынады

Көркем Алдабергенова 08 сәу. 2026 12:13

Қазақстанда көмірді қайта өңдеуге бағытталған үш жаңа зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қарағанды және Павлодар облыстарында металлургиялық кокс пен көмірден дизель отынын өндіретін кәсіпорындар бой көтереді. Ал Абай облысында аммиак пен карбамид шығаратын зауыт салу көзделген.

Жалпы құны 260 миллион доллардан асатын бұл жобалар мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бастамалар еліміздегі көмір-химия саласын дамытуға серпін бермек.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove