Президент Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды, деп хабарлайды Dalanews.kz
"Инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бере отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын", - деп жазылған жарлықта.
Сонымен қатар, бұрынғы министрліктің функциялары, өкілеттіктері жаңадан құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне, оған қоса Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілмек.
Үкіметке мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлу тапсырылды.