Қазақстанда ескі 10 мың теңгелік банкноттар әлі қолданыста болуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 06 нау. 2026 15:21

Қазақстанда ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттардың айналым мерзімін тағы бір жылға ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов журналистердің сұрағына жауап бергенде айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, мұндай шешім екінші деңгейлі банктердің өтініші негізінде қаралып жатыр.

Қаржыгерлер қауымдастығы банкноттарға сұраныс жоғары екенін айтып, олардың айналым мерзімін тағы бір жылға ұзартуды сұраған.

Бұған дейін ескі 10 мың теңгелік банкноттардың қолданысы 2026 жылы маусымда тоқтайды деп жоспарланған еді. Енді бұл мерзімді 2027 жылғы маусымға дейін ұзарту ұсынылып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove