Қазақстанда есірткі және психотроп заттардың тізімі кеңейтілді

Сағыныш Сардарова 30 қаң. 2024 10:33 1959


Қазақстанда есірткі және психотроп препараттардың тізімі кеңейтілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өкілдері мәлімдеді, - Dalanews.kz.


Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Соған сай тізімге 8 жаңа позиция қосылды. Оған қоса прекурсор қосылды және олардың қылмыстық мөлшері айқындалды.



"Бұлар - Пара-флюорофентанил, Брорфин, Метонитазен есірткі заттары: 3-метоксифенциклидин, Эвтилон, Клоназолам, Диклазепам, Флубромазолам психотроп заттар және 4-метилпропиофенон есірткі өндірісінде қолданылатын Прекурсор. Бұл заттар Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен Еуразиялық экономикалық одақта бақылауға жататын есірткілер тізбесіне енгізілген. Бұл олардың бақылаудағы заттардың ұлттық тізіміне енуіне негіз болды", – деді министрлік өкілі.



2019 жылы Үкіметке есірткі тізімін бекіту құзыреті берілген еді. Содан бері тізім 154 жаңа психоактив затпен толықтырылып отыр, оның ішінде 125 есірткі және психотроп заттар және 29 прекурсор бар.


Есірткіні тізімге енгізу процедурасы шамамен бір айға созылады. Бұл үшін заттар Еуразиялық одақ елдерінің тізбелерінде немесе БҰҰ-ның есірткіні бақылау жөніндегі Халықаралық комитетінің ұсынымда болуы жеткілікті. Сонымен қатар, Қазақстанда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 700-ге жуық есірткі түрі бақыланады.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар