Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері артуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 22 қаз. 2025 11:09

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Парламент Мәжілісінде премьер-министр Олжас Бектенов және Үкімет мүшелерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтіп жатыр.

Негізгі тақырып - 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, Астана бюджеттерінің арасындағы осы жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобалары.

2025 жылы Қазақстанда ЕТЖ көлемі - 85 мың теңге. Енді ең төменгі жалақы мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар