Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді

Қаракөз Амантай 02 сәу. 2026 13:52

Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астанадағы айырбастау орындарында доллар шамамен 475 теңгеден сатылып, 468 теңгеден сатып алынып жатыр.

Ал Алматыда орта есеппен 472 теңгеден сатып, 470 теңгеден алып жатыр.

Еске салайық, күні кеше Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының неге төмендеп жатқанын және оның қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын түсіндірген еді.

"Шын мәнінде, теңге нығайып жатыр деуге болады. Бұл – базалық экономика заңдылығы: Қазақстанның негізгі экспорттық тауары – мұнай. Оның бағасы өсіп келеді және ол экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамын құрайды. Көлемі өзгерген жоқ, бірақ баға өсуде, соған сәйкес экспорттық түсім де артып жатыр, – деді Сүлейменов Мәжіліс кулуарында.

Ол сондай-ақ доллардың әлсіреуіне байланысты Ұлттық қор шығынға батпайтынын және инвестициялық кеңес бермейтінін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove