Қазақстанда дәрігер даярлау жүйесін өзгерту жоспарланып отыр

Қазақстанда дәрігер даярлау жүйесін өзгерту жоспарланып отыр
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда 2027 оқу жылынан бастап болашақ дәрігерлерді даярлау жүйесін жаңарту жоспарлануда, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңа тәсілге сәйкес, базалық медициналық білім алу мерзімі 5–6 жылды құрайды. Одан кейін түлектер тәлімгердің бақылауымен толыққанды клиникалық тәжірибе форматында интернатурадан өтеді.

Интернатураны аяқтағаннан кейін түлектер төмендегі алты бағыт бойынша дәрігер біліктілігін ала алады:

  • терапия;
  • педиатрия;
  • жалпы дәрігерлік практика;
  • хирургия;
  • акушерия және гинекология;
  • балалар хирургиясы.

Жоспарланып отырған негізгі өзгеріс интернатура кезеңіне қатысты. Бұған дейінгі формалды оқу кезеңінің орнына интернатура нақты клиникалық тәжірибеге айналмақ. Яғни жас мамандар пациенттермен жұмыс істеу барысында тәжірибелі тәлімгерлердің тұрақты бақылауында болады. Сонымен қатар олардың жауапкершілік деңгейі де нақты айқындалады. Осылайша, жаңа жүйе бойынша болашақ дәрігерлерді ұзақ әрі тәжірибеге бағытталған форматта оқытып, тек содан кейін ғана өз бетінше жұмыс істеуге рұқсат беру көзделіп отыр.