Қазақстанда біраз уақыт Telegram желісі істемей қалды

Қазақстанда біраз уақыт Telegram желісі істемей қалды
ашық дереккөз

Қазақстанда Telegram мессенджерінің жұмысында ақау тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Қазақтелеком" АҚ Telegram мессенджеріне кіруде қиындықтар болғанын хабарлады. Компанияның мәліметінше, қазір мессенджердің жұмысы қалпына келген. Техникалық қызмет мамандары сервистің барлық мүмкіндігі қайта қолжетімді болғанын растады.

Компания мамандары Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі халықаралық пиринг нүктелерінде Telegram-ға бағытталған трафик күрт төмендегенін анықтаған.

Бұл ретте "Қазақтелекомның" өз желісінде апат, техникалық ақау немесе басқа да мәселелер болмаған. Компания желісі қалыпты жұмыс істеп тұр.

Ақаудың нақты себебі әзірге белгісіз.