28 маусым күні Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бес бірдей өрт тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің негізгі себебі найзағай түсуі болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өрт ошақтары Ақмола және Алматы облыстарында, сондай-ақ "Семей орманы" мен "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттарының аумағында анықталды.
Ерте анықтау жүйесінің арқасында өрт ошақтары бастапқы кезеңде байқалып, дер кезінде оқшауланды.
Экология министрлігі қазір ел аумағында өрт қаупі жоғары кезең жүріп жатқанын еске салып, азаматтарды орман мен далада қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.