Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды (БАД) цифрлық таңбалау енгізу жоспарланып отыр. Бұл бастама өнім айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды. Әңгіме Сауда және интеграция министрінің тауарларды міндетті таңбалауға енгізу туралы бұйрық жобасы жайында болып отыр.
Құжатқа сәйкес, БАД өнімдерін міндетті цифрлық таңбалау 2026 жылдың қыркүйегінен бастап енгізілуі мүмкін.
Жоба авторларының түсіндіруінше, бұл жүйе бірнеше маңызды мәселені шешуге көмектеседі. Атап айтқанда, ол заңсыз айналым мен контрафакті өнім көлемін азайтуға, салық түсімдерін арттыруға және нарықтағы бәсекелестікті әділ етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, жаңа талап БАД нарығын ашық әрі бақыланатын етуге бағытталған.
