Қазақстанда "Астана" брендімен автобустар шығарыла бастайды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстанда отандық көлік техникасының түрлері кеңейтіліп, жаңа көлік өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында "Астана Моторс" компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді.
"Кәсіпорынның негізгі жобаларының бірі - "Астана" атты автобустар шығару. Бұл автобустар қытайлық технологиялық серіктестермен бірлесіп әзірленген, оған әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері пайдаланылады. Сонымен қатар, автобустардың дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер қатысты. Автобустар Қазақстан аумағында өндіріледі", - деді Нұрлан Смағұлов.
Оның айтуынша, дизель және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі биыл қарашада басталады. Ал "Астана" маркалы электр автобустарының өндірісін 2027 жылғы наурызда бастау жоспарланып отыр.