Қазақстанда алаяқтық жасаған адам Грузияда жасырынып жүрген

Көркем Алдабергенова 02 шіл. 2025 09:13

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген адам Грузияда ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды.

2022 жылы күдікті танысын алдап, шамамен 13 миллион теңгеге автонесие рәсімдеуге көндірген.

Қаражатты алғаннан кейін ол автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар