Қазақстанда АЭС салынатын орын анықталды

Көркем Алдабергенова 25 ақп. 2025 14:38 1783

Елімізде алғашқы атом электр станциясы салынатын орын анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

АЭС Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынбақ.

«Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», - делінген Үкімет қаулы.

Бұл шешім 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған еді. 

Алайда құжат ресми түрде бүгін яғни 25 ақпанда күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін АЭС құрылысы бойынша төрт компаниямен диалог аяқталған болатын.

"Росатом" мемлекеттік корпорациясы KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция) компанияларымен қатар Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді.

2025 жылғы 21 қаңтарда ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздер сериясының соңғы кезеңі болды.

Бұған дейін, 2024 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін Корея Республикасына, Франция Республикасына және Қытай Халық Республикасына осындай сапарлар болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар